Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада түнгі салют атқан екі азамат бес тәулікке қамалды Иран Ормуз бұғазындағы транзит шектеулерін АҚШ көзқарасын өзгертпейінше жеңілдетпейді 9 тамызда бірнеше өңірде өрт қаупі жоғары — синоптиктер ескертеді Маңғыстаудағы Құлжан кен орнындағы өрт сөндірілді: зардап шеккендер жоқ АҚШ-та топтық зорлаудан кейін көлік астында қалған студент қаза тапты Қырғызстанда ішімдік төгу челленджі: жұрт арақты сатып алып, төгіп жатыр Астанада түнгі салют атқан екі азамат бес тәулікке қамалды Иран Ормуз бұғазындағы транзит шектеулерін АҚШ көзқарасын өзгертпейінше жеңілдетпейді 9 тамызда бірнеше өңірде өрт қаупі жоғары — синоптиктер ескертеді Маңғыстаудағы Құлжан кен орнындағы өрт сөндірілді: зардап шеккендер жоқ АҚШ-та топтық зорлаудан кейін көлік астында қалған студент қаза тапты Қырғызстанда ішімдік төгу челленджі: жұрт арақты сатып алып, төгіп жатыр

    Астанада түнгі салют атқан екі азамат бес тәулікке қамалды

    Астанада түнгі салют атқан екі азамат бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Полиция пиротехниканы қолдану ережелерін сақтауға шақырады.

    Астанада түнгі салют атқан екі азамат бес тәулікке қамалды

    Сурет: qandastar.kz

    Астанада түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды қолданған екі тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, алғашқы оқиға қонақүйлердің бірінің маңында тіркелген. 50 жастағы ер адам болашақ келінінің туған күніне орай салют ұйымдастырған. Алайда пиротехниканы түнгі уақытта қолдану жақын маңдағы тұрғын үй кешендеріндегі азаматтардың тыныштығын бұзған. Сот шешімімен ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

    Осыған ұқсас тағы бір құқық бұзушылық елорданың тұрғын аудандарының бірінде анықталған. Полиция 26 жастағы ер адамның қыз ұзату рәсімінен кейін жас жұбайларды көпқабатты үй маңында салютпен құттықтағанын анықтады. Мерекелік мақсатта жасалғанына қарамастан, оның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзып, тұрғындарға қолайсыздық келтірген. Сот 26 жастағы азаматты да бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

    Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде заң талаптарын сақтап, айналадағы азаматтардың тыныштығын бұзбауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →