Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Иран Ормуз бұғазындағы транзит шектеулерін АҚШ көзқарасын өзгертпейінше жеңілдетпейді 9 тамызда бірнеше өңірде өрт қаупі жоғары — синоптиктер ескертеді Маңғыстаудағы Құлжан кен орнындағы өрт сөндірілді: зардап шеккендер жоқ АҚШ-та топтық зорлаудан кейін көлік астында қалған студент қаза тапты Қырғызстанда ішімдік төгу челленджі: жұрт арақты сатып алып, төгіп жатыр Алматыда екі блогер әдепсіз видео үшін қамауға алынды Иран Ормуз бұғазындағы транзит шектеулерін АҚШ көзқарасын өзгертпейінше жеңілдетпейді 9 тамызда бірнеше өңірде өрт қаупі жоғары — синоптиктер ескертеді Маңғыстаудағы Құлжан кен орнындағы өрт сөндірілді: зардап шеккендер жоқ АҚШ-та топтық зорлаудан кейін көлік астында қалған студент қаза тапты Қырғызстанда ішімдік төгу челленджі: жұрт арақты сатып алып, төгіп жатыр Алматыда екі блогер әдепсіз видео үшін қамауға алынды

    9 тамызда бірнеше өңірде өрт қаупі жоғары — синоптиктер ескертеді

    9 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Синоптиктер ауа температурасының жоғары болуы мен желдің күшеюін болжап отыр.

    9 тамызда бірнеше өңірде өрт қаупі жоғары — синоптиктер ескертеді

    Сурет: tengrinews.kz

    9 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары болатынын синоптиктер алдын ала ескертті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Алматы қаласында күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Медеу және Бостандық аудандарының таулы белдеулері) күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

    Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Атырау облысында күндіз ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі жойылмай отыр.

    Солтүстік Қазақстан облысында күндіз облыстың солтүстігінде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел облыстың оңтүстігінде күндіз секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Батыста және солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.

    Қызылорда облысында күндіз облыс орталығында және шығысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыс орталығында және шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыс бойынша ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі жойылмай отыр. Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

    Абай облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыста және облыс орталығында секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

    Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, ал батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі жойылмай отыр. Ақтөбе қаласында күндіз ауа температурасы 36-38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысы мен орталығында секундына 15-18 метрге жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі жойылмай отыр. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Қарағанды облысында түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігінде секундына 15 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, ал батысында, солтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі жойылмай отыр.

    Ұлытау облысында түнде облыстың шығысы мен оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазған қаласында күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Батыс Қазақстан облысында күндіз облыстың батысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі, ал солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

    Жетісу облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі жойылмай отыр. Талдықорған қаласында күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Ақмола облысында күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, ал орталығында жоғары өрт қаупі жойылмай отыр. Көкшетау қаласында күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

    Алматы облысында күндіз таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз таулы аймақтарда секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, ал оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі жойылмай отыр. Қонаев қаласында күндіз ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

    Түркістан облысында күндіз таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысы, солтүстігі және таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, ал солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі жойылмай отыр. Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Жамбыл облысында күндіз таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аймақтарда секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді. Облыс бойынша күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, ал шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі жойылмай отыр. Тараз қаласында солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Павлодар облысында түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Облыс орталығында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодар қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Қостанай облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында секундына 15 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыстың батысы, шығысы және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі жойылмай отыр. Қостанай қаласында күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →