Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әкімдік кімді ақымақ қылмақ: Қарағанды тасжолында шұңқыр жамалмай, сызық сызылып кеткен «Баланы телефонға айырбастаған ана»: Алматыдағы балалар алаңында үлкен жанжал шықты Шымкентте мектепке киім алуға шыққан отбасы опат болды Семейдегі биліктің басылмаған батпағы: әкімдік халық пікіріне қашан құлақ асады? Атышулы Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты Жамбылда экология департаменті халықтың арызына құлақ аспай отыр: Әкімдік неге үнсіз? Әкімдік кімді ақымақ қылмақ: Қарағанды тасжолында шұңқыр жамалмай, сызық сызылып кеткен «Баланы телефонға айырбастаған ана»: Алматыдағы балалар алаңында үлкен жанжал шықты Шымкентте мектепке киім алуға шыққан отбасы опат болды Семейдегі биліктің басылмаған батпағы: әкімдік халық пікіріне қашан құлақ асады? Атышулы Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты Жамбылда экология департаменті халықтың арызына құлақ аспай отыр: Әкімдік неге үнсіз?

    «Кіші ұлым тіркелген»: Ләйлә Сұлтанқызының ұлы әнші Сәкен Майғазиевтің ақылы тойын онлайн көрмек

    «Кіші ұлым тіркелген»: Ләйлә Сұлтанқызының ұлы әнші Сәкен Майғазиевтің ақылы тойын онлайн көрмек

    Фото: @sultankyzy инстаграм парақшасынан

    Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы еліміздегі онлайн тойлардың өтуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    БАҚ өкілі тойдың өзгеше дамуы креатив деп баға берді.

    “Сәкеннің ұлының онлайн тойына байланысты түрлі пікір болып жатыр. Мынадай деректі бөліскім келеді. Менің кіші ұлым осыдан бірнеше жыл бұрын америкалық әншінің концертіне онлайн билет алып, ақылы тіркелген. Бір компьютерлік ойынды көру үшін ақылы тіркелген. Сәкен – қазақтың біртуар азаматы. Қоғамға қосып жүрген еңбектерін жақсы білемін. Біздің қорға да ақша беріп, көмектескен. Қуанышты бөліссең көбейеді деген. Егер сұраныс болып тұрса, заң бұзылмаса, адам құқығы тапталмаса салық төленсе, бұл – креатив идея. Оның үстіне ұр да жық, талас, ойын, стримдерді сатып алып, көріп жүрген заманнанбыз ғой”, – деді Ләйлә. 

    Айта кетейік, өнер иесі 1380 теңгеге ұлының тойын онлайн көруге болатынын жеткізген еді. Бұған дейін Майғазиевтер әулеті маңғыстаулықтармен құда болып жатқанын жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →