Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Непал мен Тибетте хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық әлі табылған жоқ • Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Непал мен Тибетте хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық әлі табылған жоқ • Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті •

    Непал мен Тибетте хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық әлі табылған жоқ

    Непал мен Тибеттегі табиғи апаттан кейін хабар-ошарсыз кеткен екі Қазақстан азаматы әлі табылған жоқ. Сыртқы істер министрлігі іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

    Непал мен Тибетте хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық әлі табылған жоқ

    Фото: әлеуметтік желі

    Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған табиғи апаттан кейін хабар-ошарсыз кеткен екі Қазақстан азаматы әлі табылған жоқ. Олардың қайда екені белгісіз.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі табиғи апат болған аймақтардағы отандастарымыздың жағдайын бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

    Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін үш қазақстандық туристпен байланыс үзілгені хабарланған. Кейін олардың біреуінің аман-есен екені анықталды. Белгілі болғандай, ол табиғи апат болған аумаққа мүлде бармаған және қазіргі уақытта Қазақстанда жүр.

    Ал қалған екі азаматтың тағдыры әлі белгісіз. Оларды анықтау жұмыстары аясында туыстарынан ДНҚ сараптамасына қажетті биологиялық үлгілер алынған.

    Министрлік Непал аумағындағы іздеу-құтқару операциясы 5 қазанда аяқталғанын хабарлады. Дегенмен Қытайдың Тибет автономиялық ауданында іздестіру шаралары әлі жалғасып жатыр. Жергілікті мамандар табылған мәйіттердің жеке басын анықтау үшін генетикалық сараптама жүргізуде.

    Қазақстандық дипломаттар хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың жақындарымен тұрақты байланыста. Оларға қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр.

    Әзірге екі қазақстандықтың жағдайына қатысты нақты ақпарат жоқ. Олардың тағдыры жүргізіліп жатқан іздестіру және сараптама жұмыстарының нәтижесінде белгілі болуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →