Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Оралда екі жасөспірім қаза тапты: полиция тергеу бастады

    Батыс Қазақстан облысының полициясы Оралда екі жасөспірімнің қаза болуына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

    Оралда екі жасөспірім қаза тапты: полиция тергеу бастады

    Фото: ИА «NewTimes»/Турар Казангапов

    Батыс Қазақстан облысының полициясы сотқа дейінгі тергеу бастады. Жасөспірімдердің қаза болу себептері мен мән-жайы әзірге анықталып жатыр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда», — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Тұрғындардың айтуынша, кешке қарай олар үйдің жанында полицейлерді байқап, әйелдің жылаған дауысын естіген. Тоғызыншы қабатта тұратын Елена Мурзагалиева шамамен сағат 23:00-де шатырда аяқ дыбысын естігенін, бірақ оған мән бермегенін, ол жерде мамандар жұмыс істеп жатыр деп ойлағанын айтты.

    «Мен тоғызыншы қабатта тұрамын. Біз сағат 11 шамасында шатырда біреудің жүргенін естідік. Бірақ бізде ондай болады. Жылыту жүйесін реттеп жатыр ма, әлде ауасын шығарып жатыр ма деп ойладым. Сағат 11 шамасында. Біз жаттық, мен шатырдағы аяқ дыбысын естідім. Болды, басқа ештеңе жоқ. Сосын өзара чатта: «Кім? Не? Қыз бала, ұл бала шатырдан құлап кетті» деп жаздық», — деді ол.

    Әлеуметтік желілерде қыздың мектепте, ал жігіттің колледжде оқығаны жазылып жүр. Полиция хабарламасында бұл ақпараттың ресми растамасы жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →