Тоқаев пен ТМД басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады. Түрікменстан павильонында көрме мен «Оғыздар» қойылымы ұсынылды.
Сурет: Ақорда
Түрікменстан астанасында өткен ұлттық тағамдар фестивалінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттерінің басшылары болды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Түрікменстан павильонында мемлекет басшыларына жергілікті бақша және нан-тоқаш өнімдері, түрікмен кілемдері қойылған көрме ұсынылды. Сондай-ақ әдеби-сазды «Оғыздар» қойылымы көрсетілді.
Қазақстанның ұлттық павильоны еліміздің тарихи-мәдени бай мұрасы мен заманауи жетістіктерін танытатын бірқатар тақырыптық алаңнан тұрады.
Мемлекеттер басшыларына ТМД-ға мүше елдердің ұлттық тағамдарын әзірлеу барысы таныстырылды.
Фестиваль аясында президенттердің қатысуымен Ұйымға мүше мемлекеттер арасында өткен «Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат» атты телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.
