Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алименттен жалтарған азамат бәс тігуге 4 млн теңге жұмсаған

    Батыс Қазақстан облысында алименттен жалтарған ер адам бәс тігуге 4 млн теңге жұмсаған. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша іс тіркеліп, 2,6 млн теңге берешек өтелді.

    Алименттен жалтарған азамат бәс тігуге 4 млн теңге жұмсаған

    Сурет: pixabay.com

    Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған ер адам бәс тігуге шамамен 4 млн теңге жұмсаған. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ведомство дерегінше, азамат 2024 жылдан бері баласын асырауға міндетті алиментті төлемей келген. Алайда осы уақыт аралығында ол бәс тігуге бірнеше миллион теңге жұмсаған.

    Осыған байланысты оған қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша, яғни алимент төлеу міндетін орындаудан жалтару фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

    Тергеу барысында ер адам 2,6 млн теңге көлеміндегі алимент берешегін толық өтеген.

    Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Әділет департаментімен және Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп алимент өндіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

    «2026 жылдың басынан бері алимент төлеуден жалтарған 13 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Прокурорлардың қабылдаған шараларының нәтижесінде 600-ден астам баланың пайдасына 250 млн теңгеден астам алимент өндірілген», – деп хабарлады облыстық прокуратура.

    Сонымен қатар тамыз айынан бастап сот орындаушылары тарапынан жол берілетін заң бұзушылықтарға жедел ден қою үшін арнайы Call-орталық жұмыс істейді.

    Прокуратура алименттің уақытылы төленуін қамтамасыз ету, борышкерлерді жауапқа тарту және балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасатынын атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →