Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған • Астанада Tarlan Astana құрылысына байланысты екі жол учаскесінде қозғалыс шектелді • Дәрігер: үнемі тоңу әртүрлі себептерден болуы мүмкін • Блогердің Алматы көшелері туралы жазбасы желіде наразылық тудырды • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған • Астанада Tarlan Astana құрылысына байланысты екі жол учаскесінде қозғалыс шектелді • Дәрігер: үнемі тоңу әртүрлі себептерден болуы мүмкін • Блогердің Алматы көшелері туралы жазбасы желіде наразылық тудырды •

    «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды

    «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды

    Фото: видеодан скрин

    Әлеуметтік желі қолданушысы қызының көлік ұтып алғанына қарамастан, жүлдесі табысталмағанын айтып, көмек сұрады, деп  хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Оның айтуынша, қызы бір жыл бұрын байқауға қатысып, тележүргізуші Аша Матай мен блогер Камила Саян жеңімпаз ретінде хабарлаған. Алайда арада бір жыл өтсе де, ұтып алған көлігін бермеген.

    «Қызым көлік ұтып алды. Бір жыл өтті. Көлік қайда? Өтінемін, осы видеоны қарап шығыңыздар. Бұл жерде өздеріңіз менің қызымды жеңімпаз деп жариялап, оған көлік ұтып алғанын хабарлағансыздар. Арада бір жыл өтті, бірақ қызымның көлігі әлі күнге дейін табысталған жоқ. Неге? Не болды? Қызым көлігін қашан алады? Мен бұл мәселені жанжал шығару үшін жариялап отырған жоқпын. Қарапайым әрі нақты жауап алғым келеді», – деді ол.

    Желі қолданушылары жазбаға пікір қалдырып, жағдайға қатысты наразылықтарын білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →