Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Назгүл Қарабалина жеке өмірі туралы сыр бөлісті • Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады • Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды • 20 жастағы франциялық қыз Қазақстанға бауыр басып, қазақ тілін үйреніп жүр • Назгүл Қарабалина жеке өмірі туралы сыр бөлісті • Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады • Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды • 20 жастағы франциялық қыз Қазақстанға бауыр басып, қазақ тілін үйреніп жүр •

    Назгүл Қарабалина жеке өмірі туралы сыр бөлісті

    Назгүл Қарабалина жеке өмірі, бір ұлы, алғашқы күйеуі Азаматпен қарым-қатынасы және армандары туралы сыр шертті.

    Назгүл Қарабалина жеке өмірі туралы сыр бөлісті

    Фото: әлеуметтік желі

    Қазақстандық актриса, продюсер әрі режиссер Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жайттарды айтып берді. Өнер иесі отбасы мен баласына байланысты қойылатын кейбір сұрақтарға ренжитінін де жасырмады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы кей адамдардың өзінен неліктен бір ғана бала сүйгенін сұрайтынын айтты. Оның пікірінше, мұндай сауал қоюды надандық немесе білімсіздік деп бағалауға болады. Қарабалина бір ұлы барына шүкіршілік ететінін, ал жақын адамдары мұндай жеке мәселелерге араласпайтынын жеткізді. Керісінше, оның өміріне қатысты егжей-тегжейлі сұрақтарды көбіне алыстау таныстары қоятынын атап өтті.

    Актриса сұхбат барысында алғашқы күйеуі Азаматпен қарым-қатынасының қалай басталғанын да еске алды. Оның сөзінше, академияда оқып жүрген кезінде Азамат оған аса қызығушылық танытпаған. Ал оған бірінші болып Қарабалинаның өзі ғашық болып, жігіттің назарын аударуды армандаған.

    Сол уақытта өнер иесі сезімдері мен армандарын арнайы альбомға жазып жүрген. Жазбаларында Азаматпен отбасын құруды тілеп, егер арманы орындалса, оның зейнеткер ата-анасына қамқор болып, тоғыз бауырымен жақсы қарым-қатынаста болуға ниетті екенін жазған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →