Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды • QazCopyright: 2027 жылдан бастап кафе, мейрамхана, барлар цифрлық платформаға қосылады • «Қазір өзінше болып кеткен»: Желіде Қайрат пен Жұлдыздың ескі видеосы тарады • Тоқаев Президенттік орталықты Президент архивіне біріктіру туралы жарлыққа қол қойды • Елімізде жас ғалымдарды қолдау күшейіп, ғылыми әлеует артып келеді • Ақтөбеде шенеунік екінші рет сотталып кетті • Тоқаев цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды • QazCopyright: 2027 жылдан бастап кафе, мейрамхана, барлар цифрлық платформаға қосылады • «Қазір өзінше болып кеткен»: Желіде Қайрат пен Жұлдыздың ескі видеосы тарады • Тоқаев Президенттік орталықты Президент архивіне біріктіру туралы жарлыққа қол қойды • Елімізде жас ғалымдарды қолдау күшейіп, ғылыми әлеует артып келеді • Ақтөбеде шенеунік екінші рет сотталып кетті •

    Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады

    Астананың Сарыарқа ауданында 750 орындық жаңа Оқушылар сарайының құрылысы аяқталуға жақын. Нысан Республика күніне орай ашылады.

    Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады

    Сурет: Астана әкімдігі

    Астананың Сарыарқа ауданында 750 орынға арналған жаңа Оқушылар сарайының құрылысы аяқталуға жақын. Нысан Ақан Сері және С189 көшелерінің қиылысына жақын жерде орналасқан. Орталықты Республика күніне орай ашу жоспарланып отыр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Елорда әкімдігінің мәліметінше, оқушылар сарайы балаларға қосымша білім беруге, спортпен айналысуға және шығармашылық тұрғыда дамуға арналған орын болады. Мұнда жалпы дене дайындығы, хореография, үстел теннисі және нейрофитнес бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Сондай-ақ шахмат кабинеті мен сауықтыру кешені қарастырылған.

    Бір орталықта біріктірілген түрлі бағыттар оқушыларға әртүрлі қызмет түрлерінде өздерін сынап көруге және қызығушылығы мен қабілетіне қарай үйірмелерді таңдауға мүмкіндік береді. Мұнда дене белсенділігімен қатар, балалардың зияткерлік және шығармашылық дамуына да жағдай жасалады.

    Оқу уақытынан тыс кезеңде мазмұнды демалыс ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінген. Оқушылар спортпен және шығармашылықпен айналысып, қабілеттерін дамытып, қатарластарымен араласып, жаңа қызығушылықтарын таба алады.

    Оқушылар сарайының ашылуы аудан тұрғындары үшін тұрғылықты жеріне жақын маңда қосымша білім алуға мүмкіндік береді.

    Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Сарыарқа ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын толықтырып, елорданың балалары мен жасөспірімдерінің дамуы мен бос уақытын тиімді өткізуіне қосымша мүмкіндіктер жасайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →