Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады •

    «Лондонда да еркін жүре алмайды»: Димаш Құдайберген шетелден видео жариялады (ВИДЕО)

    «Лондонда да еркін жүре алмайды»: Димаш Құдайберген шетелден видео жариялады (ВИДЕО)

    Әнші Димаш Құдайбергенді тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал тұлға ретінде мойындайды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл сөзімізге Лондон көшелерінде түсірілген бейнежазба дәлел бола алады. Видеодан түн уақыты екені байқалады: көшеде халық сирек, дүкендердің шамдары сөнген. Соған қарамастан, бірнеше адам Димашты танып, онымен бірге суретке түсуді өтінеді. Әнші олардың өтінішін қуана орындады.

    «Түнгі Лондон», – деп жазды Димаш өз парақшасында.

    Жанкүйерлер үшін бұл оқиға күтпеген жағдай болмады. Олар пікірлерінде әншінің атағының кеңінен таралғанын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

    • «Димаш түнде көшеде еркін жүрсе де, жанкүйерлері оны танып жатыр. Бұл – нағыз бақыт!»,
    • «Кездейсоқ кездесудің өзі – армандардың орындалуы!»,
    • «Димаш жалғыз серуендеп жүр екен – қандай керемет!»,
    • «Лондонда да еркін жүре алмайды» – деп жазды олар.

    Айта кетейік, Димаштың Лондонға сапары мазмұнды әрі қарбалас өтті. Ол фан-кездесу ұйымдастырып, Лара Фабиан, Пласидо Доминго, Хосе Каррерас және виолончельші Хаузермен бірге ән салды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →