Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді
Фото: видеодан скрин
Өскеменде 12 жастағы қызын туған күнімен құттықтаған әкенің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қызу талқыланып жатыр. Онда ер адамның қыздың «ернінен» ұзақ сүйгені байқалады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Әлеуметтік желілерде ер адамның әрекетін орынсыз деп сынап жатқандар көп. Тіпті, құқық қорғаушы құзырлы органдардан жағдайды тексеруді талап етіп жатқандар да бар. Десе де, 12 жастағы қыздың ата-анасы, яғни ерлі-зайыптылар ел алдына шығып, оқиғаның мүлде басқаша өрбігенін айтуда.
Видеода ер адам туған күн иесін құттықтаған және оның ернінен сүйгендей көрінген. Кадрды қыздың анасы түсірген болуы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл деректің тіркелгенін және қазір тексеру жүріп жатқанын мәлім етті. Тексеруге облыстық білім басқармасының, жергілікті атқарушы органның және қорғаншылық органдарының қызметкерлері де тартылған.
«Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазір тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар, тексеруге Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, жергілікті атқарушы орган және қорғаншылық органдарының қызметкерлері тартылды», – деп хабарлады ведомство.
