Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді
Мақпал Жүнісова Мейрамбектің 50 жас мерейтойына келмеу себебін түсіндіріп, алдын ала жоспарланған тойларын атады.
Сурет: sn.kz
Әнші Мақпал Жүнісова Мейрамбектің 50 жасқа толуына орай өткен мерейтойға неліктен қатыспағанын түсіндірді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Мейрамбек маған кеше айтты біріншіден. Екіншіден мен 1 ай, 2 бұрын алып қойған тойларым бар. Ол кісілерге бармасам ренжиді ғой. Сондықтан мен жұмысымды атқардым. Содан кеш болып кетті. Мейрамбекжан, 100-ден асып кет. Берерін көп болсын. Отбасың аман болсын. Амандықта тойлатып жүре беріңіздер», – деді ол.
