Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетті Ұлттық күнмен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетке Ұлттық күнге орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетке аталған елдің Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысы өз жеделхатында бұл мерекенің Камбоджа халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықтың дәйекті түрде дамып келе жатқанына назар аударды.
– Жуырда Қазақстанға жасаған сапарыңыздың нәтижесін нақты іске асыруға ден қойып отырмыз. Қол жеткізілген уағдаластықтар елдеріміз арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға тың серпін береді деп сенемін, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хун Манеттің жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс, ал Камбоджа халқына құт-береке тіледі.
