Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады

    Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қарашада Мәскеуде өтетін ҰҚШҰ саммитіне қатысады. Жиында қауіпсіздік, терроризмге қарсы күрес және төрағалық мәселелері талқыланады.

    Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады

    Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қарашада Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммитіне барады. Жиында ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі мен халықаралық мәселелер қаралады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Кремльдің мәліметінше, саммитте мемлекет басшылары елдердің қауіпсіздігін бірлесіп қамтамасыз ету, өзара ынтымақтастықты нығайту және әлемдегі қазіргі ахуалды талқылайды.

    Кездесу қорытындысында бірнеше құжатқа қол қойылады. Соның бірі – Ресейдің бастамасымен әзірленген 2030 жылға дейінгі терроризмге қарсы күрес стратегиясы. Сондай-ақ мемлекет басшылары қорытынды декларация қабылдайды.

    Бұдан бөлек, жиында ҰҚШҰ-ға төрағалық ету мәселесі шешіледі. Қазір ұйымға Ресей төрағалық етеді. Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл міндет Тәжікстанға беріледі.

    Айта кетейік, ҰҚШҰ – мүше елдердің қауіпсіздігін бірлесіп қорғау үшін құрылған ұйым. Оның құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения кіреді.

    Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты пікір білдірген еді. Мемлекет басшысы Владимир Путинді Қазақстан, Орталық Азия және Еуропа үшін ең қолайлы саяси тұлға деп бағалады. Сондай-ақ Украинадағы әскери қимылдарды тоқтатып, мәселені келіссөз арқылы шешуді ұсынды. Тоқаев Қазақстан үшін Ресеймен де, Украинамен де жақсы қарым-қатынасты сақтау маңызды екенін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →