Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады •

    Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады

    Мейрамбек Беспаевтың жары Махаббат Беспаева әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялап, марқұм композитор Арман Дүйсеновті сағынышпен еске алды.

    Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады

    Сурет: sn.kz

    Әнші Мейрамбек Беспаевтың жары Махаббат Беспаева әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайының 50 жас мерейтойынан видео жариялады. Жарияланған кадрларда композитор марқұм Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу тойда сыйлық ұтып алған сәті де көрінеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Махаббат Беспаева осы қуанышты кеште марқұм досын ерекше сағынышпен еске алғанын жазды.

    «Кей адамдардың орны ешқашан толмайды… Уақыт өтсе де, сағыныш сейілмейді екен. Кеше болған қуанышты сәтте Арман Дүйсеновты тағы да ерекше сағынышпен еске алдық. Осындай күндерде «шіркін, қасымызда болғанда ғой…» деген ой жүректі сыздатады. Бірге өткізген күндер, шынайы достық пен жарқын естеліктер ешқашан ұмытылмайды. Айсұлудың бүгінгі қуанышына біз шын жүректен қуандық! Сағынышпен еске аламыз. Жаныңыз жәннатта болсын!» – деп жазды әншінің жары.

    Желі қолданушылары да жазбаға пікір қалдырып, марқұм композиторды сағынышпен еске алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →