Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды

    Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды

    Фото: әлеуметтік желі

    Танымал блогер Біржан Әшімнің әкесі, музыкант Сапарғали Әшім дүниеден өтті. Қаралы хабарды блогердің жары Диана Әлиева әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Диана Әлиева Instagram парақшасында марқұм атасымен бірге түскен отбасылық суреттерін жариялап, жүрек тебірентерлік жазба қалдырды.

    “Сапарғали атамыз енді арамызда жоқ… Жанымызға қатты батты. Жүрегім қарс айырылды. Қалай ғана бұлай болды? Сенгім келмейді, сенгім келмейді. Өмірінің соңғы күндерінде де әзілдеп жүрді. Қашанда көңілді, өмірге құштар жан еді. Жатқан жеріңіз жайлы болсын, ардақты атамыз”, – деп жазды ол.

    Блогердің жары Сапарғали Әшімнің қандай адам болғанын да еске алды.

    Оның айтуынша, марқұм айналасына сыйлы, әрдайым жақындарына қамқор болып жүрген.

    “Аташым ең жақсы адам еді. Адал, абыройлы жан болды. Бәрі оны жақсы көріп, құрметтейтін. Қашанда менің жағымда болып, өзгелердің жаман сөзінен қорғады. Қолдау көрсетіп, туған қызындай қабылдады. Қайда барарымды білмей отырмын, Құдайым-ай…», – деп қайғырды Диана.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →