Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Орал-Атырау тас жолындағы апатты шұңқыр: Бөдене мен Жарсуат арасында көліктер жаппай зақымдануда Өлімге әкеледі: Министрлік күннің ыстығынан сақтануды ескертті Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі зейнеткер шұңқырға құлап, жарақат алды Қазақстанда креативті индустрия жаңа экономикалық драйверге айналып келеді «ХҚКО емес, халыққа қиянат көрсету орталығы»: Дәнекер Оразбай ашуға мінді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Орал-Атырау тас жолындағы апатты шұңқыр: Бөдене мен Жарсуат арасында көліктер жаппай зақымдануда Өлімге әкеледі: Министрлік күннің ыстығынан сақтануды ескертті Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі зейнеткер шұңқырға құлап, жарақат алды Қазақстанда креативті индустрия жаңа экономикалық драйверге айналып келеді «ХҚКО емес, халыққа қиянат көрсету орталығы»: Дәнекер Оразбай ашуға мінді

    Азия чемпионаты: Қазақстандық төрт дзюдошы қола жүлдеге таласады

    Азия чемпионаты: Қазақстандық төрт дзюдошы қола жүлдеге таласады

    Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Таиланд астанасы Бангкокте дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық төрт балуан қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ел құрамасынан 60 келі салмақта Нұрәділ Әлжан тәжікстандық Мухаммадсолех Куватов, Шерзод Давлатов өзбекстандық Бахром Ботуровпен шеберлік байқасады.

    Ал 66 келіде Ержан Еренғайыпов Азия чемпионатының қола жүлдесін тәжікстандық Нурали Эмомалимен сарапқа салса, әйелдер құрамасынан 48 келіде жұбаныш финалында Ғалия Тынбаева тайпейлік Чен Хао Линмен белдеседі.

    Айта кетсек, құрлықтық доданың финалдық кезеңі Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

    Айта кетсек, Диана Буркеева (48 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

    Сондай-ақ алдағы күндері ерлер құрамасында Есет Қуанов (73 келі), Мәди Амангелді (81 келі), Азат Күмісбай (81 келі), Ермахан Әнуарбеков (90 келі), Максим Мейірлан (90 келі) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) сынға түседі.

    Ал әйелдер құрамасында Бақыт Құсақбаева (57 келі), Эсмигүл Куюлова (63 келі), Кристина Сотникова (70 келі), Назгүл Маратова (78 келіден жоғары), Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары) сынды балуандарға сенім артамыз.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →