Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр •

    «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды

    «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды

    Фото: видеодан скрин

    Әлеуметтік желіде қазақстандық әйел Kaspi Bank-тің қызметіне наразылық білдіріп, шоттарына бұғат қойылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, банк нақты түсініктеме бермей, өз қаражатына қол жеткізуіне мүмкіндік бермей отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Threads әлеуметтік желісінде жарияланған жазбада әйел Kaspi Bank-тің клиенттерге деген қарым-қатынасын сынға алған. Ол шоттарының бұғатталуына байланысты қаржылық қиындықтарға тап болғанын жеткізді.

    «Ең нашар банктердің бірі – Kaspi! Клиенттеріне деген қарым-қатынасы мүлдем көңіл көншітпейді. Ешқандай нақты түсініктеме бермей, шоттарды бұғаттап, адамдарды әуре-сарсаңға салады. Ақшаң өзіңдікі болса да, оған қол жеткізе алмайсың», – деп жазды әйел.

    Желі қолданушысының айтуынша, мәселені шешуге тырысқанымен, нақты жауап ала алмаған. Ол банк өкілдері мәселені бір-біріне сілтеп, уақытты созып отырғанын мәлімдеді.

    «Мәселені шешудің орнына, бірінен-біріне сілтеп, құр уәдемен уақыт созады. Клиенттің құқығы мен уақытын сыйламайтын банк. Менің жеке тәжірибем бойынша, Kaspi-ге деген сенімім мүлдем жоғалды», – деді ол.

    Әйел жариялаған бейнежазбада Kaspi қосымшасына кіре алмай отырғанын да айтқан. Видеода «Kaspi Bank мені барлық ақшамнан айырды» деген жазу көрсетілген.

    Жазба авторы мәселеге назар аударту үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан Ұлттық банкінің әлеуметтік желідегі парақшаларын белгілеген.

    Жарияланым әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Скриншот түсірілген сәтте жазба 347 ұнату белгісін жинап, оған 47 пікір қалдырылған.

    Әзірге әйелдің шоттарына қандай себеппен бұғат қойылғаны, шектеудің банк тарапынан немесе басқа уәкілетті органның шешімімен енгізілгені белгісіз.

    Сондай-ақ Kaspi Bank тарапынан осы нақты жағдайға қатысты ресми түсініктеме берілгені туралы мәлімет жоқ.

    Айта кетейік, жарияланымдағы ақпарат әйелдің жеке мәлімдемесіне негізделген. Оның шағымында айтылған жайттардың мән-жайы мен шоттардың бұғатталу себептері әзірге тәуелсіз расталған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →