Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан
Фото: видеодан скрин
Астанада автокөлік дәмханалардың бірінің терезесіне соғылды. Оқиға кезінде көлік тізгінінде кәмелетке толмаған бала болған, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Оқиға елорданың оң жағалауында болған.
Полицияның хабарлауынша, Daimler Chrysler маркалы автокөліктің жүргізушісі көлігін қараусыз қалдырып, дүкенге кіріп кеткен. Осы сәтте оның кәмелетке толмаған ұлы көлікке отырып, қозғалтқышын оталдырған.
Соның салдарынан автокөлік қозғалып кетіп, дәмханалардың бірінің ғимаратына соғылып, терезесін сындырған.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
