Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады
Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады. WTA турнирі 8 қарашада Индиан-Уэллсте басталды, ATP турнирі 15-22 қарашада Туринде өтеді.
Сурет: sports.kz
Әлемнің 24-ракеткасы, ресейлік теннисші Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің басты фавориттерін атады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
WTA қорытынды турнирі 8 қарашада американдық Индиан-Уэллсте басталды. ATP қорытынды турнирі 15-22 қараша аралығында Туринде (Италия) өтеді.
«Ерлер арасында мен, бәлкім, Зверевті атар едім. Залда ол „сегіздікті“ (ATP қорытынды турнирі — еск.) жеңіп алған. Ал қыздар арасында мен бәрібір Соболенконы атар едім», — деді Карен First&Red басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, WTA қорытынды турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы, Қазақстаннан шыққан Елена Рыбакина ойнауы тиіс еді, алайда ол ауруына байланысты турнирден бас тартты. Рыбакинаның орнын 1-топта украиналық Марта Костюк алды.
