Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан •

    Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді

    Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді

    Фото: Тұрар Қазанғапов

    Үкіметтің «Ұлттық пантеон туралы ережені бекiту туралы» қаулысына өзгертулер енгізілді. Соған орай Пантеонда жерленетін тұлғалар тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Жаңартылған құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының вице-президенттері, Құрылтай төрағалары және олардың орынбасарлары, Халық Кеңесінің төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарлары Пантеон аумағында жерленетін адамдар тізіміне енгізілді.

    Айта кетерлігі, қайтыс болған (қаза тапқан) адамдарды жерлеуді ұйымдастыруды қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұбайының (зайыбының), жақын туысқандарының не заңды өкілінің бастамасымен астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Пантеонда мәйітті жерлеу үшін мынадай іс-шараларды ұйымдастырады:

    – жерлеуге арналған құжаттарды ресімдеу;

    – қайтыс болған (қаза тапқан) адамды жерлеу үшін пайдаланылатын қажетті атрибуттарды ұсыну;

    – қайтыс болған (қаза тапқан) адамның мәйітін Пантеонға тасымалдау;

    – жерлеу.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →