Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады •

    «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды

    «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды

    Фото: видеодан скрин

    Экономист, сарапшы Жангелді Шымшық Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдіріп, елдегі өндіріс, шетелдік инвестиция және табиғи ресурстардан түсетін табыс мәселесін сынға алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Бұл туралы ол Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

    Сарапшының сөзінше, нарықтық экономикаға көшкелі қоғамда адамдар арасындағы қарым-қатынас та өзгерген. Оның пікірінше, қазіргі қоғамда пайдакүнемдік басымдыққа ие бола бастаған.

    «Қазір біздің қоғам өзгерді. Пайдакүнем қоғамға өтіп кеттік. Кезінде көшеде өткеннің бәрімен амандасатын едік, қазір ондай жоқ. Нарықтық экономикаға көштік. Осылай есеппен кеттік. Енді бұған өкпелей алмайсың. Заман сондай болды», – деді ол.

    Экономист инфляциямен күресудің тиімді жолдарының бірі ретінде бәсекелестікті дамытуды атады. Оның пікірінше, бұл бағытта антимонополиялық комитеттің жұмысы күшейіп, нарықтағы монополияға қатаң бақылау орнатылуы керек.

    Сондай-ақ Жангелді Шымшық жалпы ішкі өнімнің өсуін ел экономикасының нақты дамуы деп қабылдауға болмайтынын айтты. Ол жалпы ішкі өнім мен жалпы ұлттық өнімнің айырмашылығына тоқталып, Қазақстанда шетелдік компаниялардың өндірісі де ЖІӨ көрсеткішіне кіретінін атап өтті.

    «Жалпы ішкі өнім едәуір өсті деп жатыр. Өсімнің екі түрі бар. Біріншісі – жалпы ұлттық өнім. Жалпы ішкі өнім – бізде нағыз құрметті көрсеткіш. Жалпы ұлттық өнім дегеніміз – біздің отандық өндіріс. Ал жалпы ішкі өнім – кім көрінгеннің өндіріп жатқан жалпы көрсеткіші. Одан бізге түсетіні тек салық. Біреудің шаруасына мәз болып отырған жағдай», – деді сарапшы.

    Оның айтуынша, Қазақстан экономикасы шетелдік инвестицияға тым тәуелді. Сарапшы отандық өндірісті дамыту орнына сыртқы капиталға иек арту елдің экономикалық дербестігіне кері әсер етуі мүмкін екенін жеткізді.

    Сөз арасында ол Өзбекстанның Кеңес Одағы кезеңінен қалған өндірістік әлеуетін сақтап, дамытуға басымдық бергенін мысалға келтірді. Ал Қазақстанның экономикалық саясаты елді халықаралық инвестициялық алаңға айналдырып жібергенін сынға алды.

    Сұхбат барысында Жангелді Шымшық Қазақстанның табиғи ресурстардан алатын табысына да тоқталды. Оның пікірінше, елдің экономикалық мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болғанымен, байлықты игеруден түсетін кіріс халықтың күткен деңгейіне жетпей отыр.

    «Бұрын Назарбаев уәде беріп еді ғой, Кувейт, Дубай сияқты өмір сүреміз деп. Шынында да өмір сүретін едік, егер осылай тоналып жатпасақ. Қашағаннан 2-ақ пайыз табыс түседі. Бұл деген масқара ғой», – деп түйіндеді экономист.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →