Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық теннисші Қытайдағы жастар турнирінде күміс жүлде алды • Ыстық шай мен кофе өңеш қатерлі ісігі қаупін арттыруы мүмкін • Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Қазақстандық теннисші Қытайдағы жастар турнирінде күміс жүлде алды • Ыстық шай мен кофе өңеш қатерлі ісігі қаупін арттыруы мүмкін • Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады •

    Елден қуылады: қамалып шыққан Шерзаттың әпкесі кешірім сұрады

    Елден қуылады: қамалып шыққан Шерзаттың әпкесі кешірім сұрады

    BES.Media

    Жақында «митингке үндегені үшін» деген айып тағылып, 15 тәулікке қамалып шыққан марқұм Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Сонымен қатар Реимованы сот Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарған. Бірақ адвокат Мейірман Шекеев заңсыздықтар бар екенін айтып, Шерзат Болаттың әпкесін елде алып қалуға күш салатынын айтқан еді.

    — Мен өмірден өткен Нұрқанат пен Шерзаттың әпкесімін. Сіздерден артық кеткен жерім болса кешірім сұраймын. Екі бірдей бауырымнан айырылу маған да оңай емес. Сол күні ашу үстінде болдым. Мені түсінесіздер деп ойлаймын. Біреу қорқытып, айтқызып жатыр деп ойламаңыздар. Өз қатемді білемін. Керсінше қазақ еліне бас иемін. Қолдауларыңызға алғыс шексіз. Елден кетпес үшін дұға етіп жатқан кісілер бар екен. Мұндай қайғыны дұшпаныма да тілемеймін, — деді Бақыт Реимова журналист Жан Ахмадиевке берген сұхбатында.

    Ал адвокаты Мейірман Шекеев алдағы жоспарларын айтқан еді. Ол депортация бойынша тағы соттасатынын жеткізді.

    — Біз енді жоғарғы сотқа жүгінеміз. Бас прокуратураға шағым айтамыз. Жоғарғы сот бұл қаулыны бұзады деген үміттеміз. Себебі бұл жерде халықаралық талаптар өрескел бұзылып отыр. БҰҰ-на шығамыз. Бұл жерде баланың құқығы өрескел бұзылды. Сонымен қатар Бақыт Рейімованың этникалық қазақ екені ескерілмеді, — дейді ол. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →