Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Непалда табиғи бөгет бұзылып, тағы да қиратушы су тасқыны болды • Қазақстандық теннисші Қытайдағы жастар турнирінде күміс жүлде алды • Ыстық шай мен кофе өңеш қатерлі ісігі қаупін арттыруы мүмкін • Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Непалда табиғи бөгет бұзылып, тағы да қиратушы су тасқыны болды • Қазақстандық теннисші Қытайдағы жастар турнирінде күміс жүлде алды • Ыстық шай мен кофе өңеш қатерлі ісігі қаупін арттыруы мүмкін • Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды •

    Елімізде тәртіп бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі көбейді

    Елімізде тәртіп бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі көбейді

    Фото: tv7

    Бүгіннен бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге өсті. Былтыр АЕК көлемі 3 692 теңге болған еді.

    Ал қоғамдық орындарда тәртіп бұзған азаматтарға салынатын айыппұлдың мөлшері дәл осы АЕК-ке байланысты өсті. Заңды білмеу – жазадан құтқармайды.

    Qazaq.today азаматтарға заңды бұзып, қалтадағы ақшадан қағылмау үшін төмендегі ескертулерді еске салады:

    — Рәміздерді қорлау — 11 796 000 теңге;

    — подьезге кіреберісте не пәтердің есігінің алдына қоқыс салынған дорбаны қалдыру — 78 640 теңге;

    — кешкі сағат 22-00-ден кейін шулап, елдің тыныштығын алу — 19 660 теңге;

    — қоғамдық орында түкіру — 19 660 теңге;

    — көлікте отырып телефон пайдалану не қауіпсіздік белбеуін тақпау — 19 660 теңге;

    — құжатсыз көлік жүргізу — 78 640 теңге;

    — автобуста жолақы төлемеу — 7 864 теңге;

    — кәмелетке толмаған жасөспірімнің түнгі 22-00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде жүруі — 11 796 теңге;

    — жолды белгіленбеген жерден қиып өту — 7 864 теңге;

    — көлік жылдамдығын асыру — 19 660 теңгеден 117 960 теңгеге дейін;

    — қоғамдық орында балағат сөз айту — 78 640 теңге;

    — мұғалімді не дәрігерді балағаттау — 39 320 теңге.

    — қоғамдық орында ішімдік ішу не масаң күйде жүру — 19 660 теңге;

    — кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату — 58 980 теңгеден 393 200 теңгеге дейін;

    — Жала жабу — 629 120 теңге;

    — Жеке деректерді заңсыз жинау және өңдеу — 39 320 теңгеден 275 240 теңге;

    — Қасақана жалған жарнама жасау — 393 200 теңгеден 3 932 000 теңгеге дейін;

    — блогерлікпен жалған ақпарат тарату — 117 960 теңгеден 393 200 теңгеге дейін;

    — Төлқұжатты немесе жеке куәлікті кепілзат ретінде алу — 19 660 теңге;

    — Қоғамдық орында жабысу (сауда жасау, қайыр тілеу, бал ашу, жезөкшелік) — 19 660 теңге.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →