Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді Жағдайы ауыр: Алматыда 20 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйден құлап кетті Аргентина Швейцарияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты Қазақстандық журналист әрі жазушы Жұмабек Табынбаев қайтыс болды Англия құрамасы Норвегияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді Жағдайы ауыр: Алматыда 20 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйден құлап кетті Аргентина Швейцарияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты Қазақстандық журналист әрі жазушы Жұмабек Табынбаев қайтыс болды Англия құрамасы Норвегияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты

Атырауда мотоциклмен түйеге соғылған жасөспірім оқиға орнында мерт болды

Атырауда мотоциклмен түйеге соғылған жасөспірім оқиға орнында мерт болды

Атырау облысында кәмелетке толмаған жасөспірім мотоциклмен келе жатып түйеге соқтығысқан. Ауыр жарақат алған жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Оқиға 27 шілдеде кешкі мезгілде Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында болған. Бүгін бұл деректі Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Кешкі сағат 21:30 шамасында Сағыз ауылында 2010 жылғы жасөспірім мотоциклмен келе жатып, түйеге соқтығысқан. Жасөспірім алған дене жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысындағы Сағыз ауылының жастары тағы да төбелескенін хабарлаған болатынбыз.

Фото: Pixabay.com

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →