Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды
Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып пайдалануға берілді. Жоба 2028 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.
Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты етіп пайдалануға берілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оның айтуынша, автожолдың бірінші кезеңі аясында 28 шақырым жол пайдалануға беріліп, көлік қозғалысына рұқсат етілген.
Қазіргі уақытта жол құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жұмыстар Үкіметтің қатаң бақылауында. Арнайы мониторинг жүргізіліп, құрылыс барысы тұрақты назарда ұсталып отыр.
Жоба белгіленген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Алдағы кезеңдердегі жұмыстарды да кестеге сай аяқтау көзделген. Жобаны 2028 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.
