Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды •

    «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты

    «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты

    Фото: Қазақмыс

    Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында әкімшілік-тұрмыстық кешенді (ӘТК) жөндеу жұмысы аяқталды. Жұмыс Қазақмыстың еңбек жағдайын жақсарту сондай-ақ кәсіпорындардың өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын жаңарту бағдарламасы аясында жүргізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Ғимараттағы 68 кабинетке ағымдағы жөндеу жүргізіліп, қабырғалар, төбелер, есіктер мен еден жабындары жаңартылды. Күнделікті пайдаланатын санитарлық-тұрмыстық және жуынатын бөлмелерге күрделі жөндеу жүргізілді.

    Ішкі кеңістікті безендіруге ерекше назар аударылды. Әкімшілік-тұрмыстық кешеннің қабырғаларына «Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің, қазақстандық ағартушылардың, ғалымдардың, ақындар мен жазушылардың портреттері орналастырылды. Кіреберісте жұмыскерлердің қолымен жасалған мемлекеттік рәміздер стенді орнатылды. Бірінші қабатта кофехана ашылды.

    Кешеннің айналасы да көркейтілді. Мұнда ағаштар мен гүлдер отырғызылып, бұрғылау машинасына арналған ескерткіш орнатылды және субұрқақ салынды.

    «Анненск» шахтасының тұрмыстық кешенін жаңарту Қазақмыстың инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі болды. Оның негізгі басымдықтарының бірі – жұмыскерлер үшін қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру.

    2026 жылы Жезқазған, Балқаш және Қарағанды өңірлеріндегі, сондай-ақ Шатыркөл алаңындағы әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы 80-нен астам нысанды күрделі және ағымдағы жөндеуге 2,44 млрд теңге қарастырылған.

    Бағдарлама «Q.I. Satbayev atyndagy Jezqazgan Tau-ken óndirisi» өндірістік бірлестігінде 38 нысанды қамтиды. Жөндеу жұмысы Оңтүстік Жезқазған, Батыс Жезқазған кеніштерінде, «Жомарт» кенішінде, Жезқазған байыту фабрикасында және Мамандандырылған энергия-жөндеу басқармасында жүргізілді.

    Бағдарлама жұмыскерлердің еңбек етуі мен демалуын жүйелі түрде жақсартуға бағытталған. Жуынатын бөлмелерді тұрмыстық орындарды, тамақтану нысандары мен инженерлік инфрақұрылымды жаңарту өндірістік кәсіпорындарда қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →