Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді •

    Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда

    Ұлытау облысында 100 төсектік онкологиялық корпус пен ауысымына 250 пациент қабылдайтын емхана салынуда. Жезқазғандағы медициналық нысандарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

    Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда

    Ұлытау облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Бұл Мемлекет басшысының медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүргізіліп отыр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бүгін Жезқазған қаласында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың жұмыс сапары барысында облыстық көпбейінді аурухананың болашақ онкологиялық корпусының іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Іс-шараға Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

    Жаңа онкологиялық корпус 100 төсек-орынға есептелген. Жоба аясында ауысымына 250 пациентті қабылдай алатын клиникалық-диагностикалық орталық та салынады.

    Ғимаратта онкохирургия, химиотерапия, сәулелік терапия, гинекология және паллиативтік көмек бөлімшелері орналасады. Медициналық мекеме заманауи жабдықтармен, соның ішінде сәулелік терапия жүргізуге арналған желілік үдеткішпен қамтамасыз етіледі.

    Жобаны іске асыру өңірлік онкологиялық қызметтің мүмкіндіктерін кеңейтіп, мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады. Облыс тұрғындары қажетті диагностика мен емді басқа қалаларға бармай-ақ, өз өңірінде ала алады.

    Жұмыс сапары барысында Ақмарал Әлназарова мен Есет Байкен Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға да барды. Қазіргі уақытта мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар жұмыстардың барысымен танысып, медициналық мекемені жаңғырту және пациенттер мен медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады.

    Сондай-ақ делегация Жезқазған қаласында салынып жатқан жаңа емхананың құрылыс алаңына барды. Емхана бір ауысымда 250 келушіні қабылдауға есептелген. Нысанды аралау барысында құрылыс қарқынына, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге және оны пайдалануға беруге дайындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Үш қабатты емхана ғимаратында консультативтік-диагностикалық кабинеттер, күндізгі стационар, зертхана, сәулелік диагностика және амбулаториялық хирургия бөлімшелері, сондай-ақ әйелдер консультациясы орналасады. Ғимараттың жанынан тоғыз бригадаға арналған жедел медициналық жәрдем станциясын салу жоспарланған.

    Жоба Beeline компаниясының қолдауымен Zhyly Zhurek Foundation қайырымдылық қоры арқылы жүзеге асырылуда. Жаңа емхананың ашылуы амбулаториялық қызметтің мүмкіндіктерін кеңейтіп, қала тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырады.

    «Медициналық инфрақұрылымды дамыту Ұлытау облысы әкімдігінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Жаңа нысандар салу, қолданыстағы медициналық мекемелерді жаңарту және білікті мамандар даярлау өңір тұрғындарының уақтылы әрі сапалы медициналық көмек алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған», – деп атап өтті Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Нысанбаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →