Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодарда тротуар опырылып, ер адам ыстық суға түсіп кетті: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді «Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар!»: Тоқаев білімді жастармен кездесті Танымал әнші Say Mo екінші рет күйеуге шығуға ұсыныс алды Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен сөйлесті «Өз деңгейін дәлелдеу керек»: Сәтпаевтың жаңа бапкері матчтан кейін пікір білдірді Үлкен Алматы көлі маңындағы тауда төрт қыз адасып кеткен Павлодарда тротуар опырылып, ер адам ыстық суға түсіп кетті: тұрғындар әкімдіктен жауап күтеді «Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар!»: Тоқаев білімді жастармен кездесті Танымал әнші Say Mo екінші рет күйеуге шығуға ұсыныс алды Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен сөйлесті «Өз деңгейін дәлелдеу керек»: Сәтпаевтың жаңа бапкері матчтан кейін пікір білдірді Үлкен Алматы көлі маңындағы тауда төрт қыз адасып кеткен

    Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

    Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

    Президенттер екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылады.

    Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін пысықтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →