Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 22 қараша 2026 $ 455,9↑€ 500,1↑₽ 5,56↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шолпан Есмағанбетова Дариға Бадықова туралы видеосын жариялады • Netflix сериалында Алматы көріністері пайда болды • Алина Ри Miss Universe сахнасында 5 млн теңгелік алтын бүркіт қанатымен өнер көрсетті • Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты үш тасжол учаскесі жабылды • Jah Division тобының негізін қалаушы Герберт Моралес 64 жасында қайтыс болды • Баланың бойындағы талантқа жол ашқан мүмкіндік: Қазақстанда шығармашылықпен айналысатын оқушылар саны артып келеді • Шолпан Есмағанбетова Дариға Бадықова туралы видеосын жариялады • Netflix сериалында Алматы көріністері пайда болды • Алина Ри Miss Universe сахнасында 5 млн теңгелік алтын бүркіт қанатымен өнер көрсетті • Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты үш тасжол учаскесі жабылды • Jah Division тобының негізін қалаушы Герберт Моралес 64 жасында қайтыс болды • Баланың бойындағы талантқа жол ашқан мүмкіндік: Қазақстанда шығармашылықпен айналысатын оқушылар саны артып келеді •

    Netflix сериалында Алматы көріністері пайда болды

    Netflix-тегі «Көк жол» корей-жапон детективтік триллерінің сегізінші сериясында Алматының «Алматы-2» вокзалы мен қала көріністері пайда болды. Сериал 20 қарашада шықты.

    Netflix сериалында Алматы көріністері пайда болды

    Фото: threads.com/@a_kurganbayeva

    Netflix платформасында 20 қарашада сегіз сериядан тұратын «Көк жол» атты жаңа корей-жапон детективтік триллері жарық көрді. Көрермендер оның кадрларынан Алматының таныс көріністерін байқаған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сериалдың сюжеті бойынша корей және жапон детективтері екі елде болған қатыгез қылмыстарды тергеу үшін күш біріктіреді. Қылмыс орындарынан әртүрлі тілдегі жұмбақ хабарламалары бар мәйіттер табылады. Басты рөлдерді оңтүстіккорейлік актер Сон Сок-ку мен жапон актері Эйта Нагаяма сомдаған.

    Қазақстан сегізінші серияда көрінеді. Сюжет бойынша басты кейіпкерлердің бірі пойызбен елге келіп, тергеуді жалғастыруға көмектесетін жергілікті криминалдық беделді тұлғамен кездеседі. Финалдың бір бөлігі де Қазақстанда өрбиді. Кадрда «Алматы-2» теміржол вокзалы мен қала көріністері байқалады. Бұл жайт Threads әлеуметтік желісінің қолданушыларының назарын аударған.

    Желі қолданушылары Алматыны танығанымен, оның сериалда қалай көрсетілгеніне таңырқаған. Кейбіреулер ескі ғимараттар мен қаланың жалпы бейнесіне назар аударған. «Көк жол» сюжеті 2002 жылы Оңтүстік Корея мен Жапония бірлесіп өткізген футболдан әлем чемпионаты кезінде өрбиді. Сондықтан сериал жасаушылар 2000-жылдар басының атмосферасын қайта жаңғыртқан. «Көк жолдың» барлық сегіз сериясы Netflix-те қолжетімді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →