Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 22 қараша 2026 $ 455,9↑€ 500,1↑₽ 5,56↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алина Ри Miss Universe сахнасында 5 млн теңгелік алтын бүркіт қанатымен өнер көрсетті • Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты үш тасжол учаскесі жабылды • Jah Division тобының негізін қалаушы Герберт Моралес 64 жасында қайтыс болды • Баланың бойындағы талантқа жол ашқан мүмкіндік: Қазақстанда шығармашылықпен айналысатын оқушылар саны артып келеді • Разин СКА капитанының кетуі туралы сұраққа әзілмен жауап берді • Тоқаев Ливан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады • Алина Ри Miss Universe сахнасында 5 млн теңгелік алтын бүркіт қанатымен өнер көрсетті • Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты үш тасжол учаскесі жабылды • Jah Division тобының негізін қалаушы Герберт Моралес 64 жасында қайтыс болды • Баланың бойындағы талантқа жол ашқан мүмкіндік: Қазақстанда шығармашылықпен айналысатын оқушылар саны артып келеді • Разин СКА капитанының кетуі туралы сұраққа әзілмен жауап берді • Тоқаев Ливан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады •

    Алина Ри Miss Universe сахнасында 5 млн теңгелік алтын бүркіт қанатымен өнер көрсетті

    Алина Ри Miss Universe 2026 байқауында ұлттық киімдер көрсетілімінде 5 млн теңгелік механикалық алтын бүркіт қанаттары бар костюммен өнер көрсетті.

    Алина Ри Miss Universe сахнасында 5 млн теңгелік алтын бүркіт қанатымен өнер көрсетті

    Фото: Видеодан скрин

    21 қарашада Miss Universe 2026 халықаралық сұлулық байқауы аясында ұлттық киімдер көрсетілімі өтті. Онда Қазақстан намысын қорғап жүрген Алина Ри ерекше образбен сахнаға шықты. Оның киімінің басты деталі – механикалық алтын бүркіт қанаттары.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Алина Ри «Алтын бүркіт: Қазақстан рухы» деп аталған образды ұсынды. Оны қазақстандық SV Muse бренді әзірлеген. Костюмнің ерекшелігі – жайылған кезде ұзындығы 4,5 метрге жететін механикалық алтын қанаттар. Арнайы механизмнің арқасында қатысушы сахнада жүргенде қанаттарын аша алды.

    Образ авторларының ойынша, бүркіт Қазақстанның күші мен тәуелсіздігін бейнелейді. Алтын түсті кестелер елдің байлығы мен молшылығын білдіреді.

    Костюмді жасауға SV Muse командасы шамамен алты ай жұмсаған. Киімдегі кестелер мен 10 мыңнан астам тас қолмен әшекейленген. Сонымен қатар образ табиғи қауырсындармен және ұзындығы бес метрлік шлейфпен толықтырылған.

    Бұған дейін «Қазақстан аруы» Алина Ри «Ғалам аруында» киетін 30 келілік костюмін көрсеткен болатын. Биылғы «Ғалам аруы» байқауында Қазақстанның намысын 23 жастағы Алина Ри қорғайды. Ол ел тарихында алғаш рет үздік 30 қатысушының қатарына еніп, тарихи нәтиже көрсетуді мақсат етіп отыр. Айтуынша, сол себептен ол құны 5 миллион теңгеден асатын ұлттық нақыштағы костюм дайындаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →