Димаш Құдайбергеннің концертінен көрініс әлеуметтік желіде талқыға түсті
Димаш Құдайбергеннің концертінен видео мен ағылшын тіліндегі поэтикалық жазба әлеуметтік желіде жарияланып, желі қолданушыларының назарын аударды.
Фото: ozgeris.info
Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің концерті түсірілген видео мен ағылшын тіліндегі әсерлі жазба жарияланды. Автор әйел махаббатын теңіз толқыны мен кешкі жарыққа балап, сезімін поэтикалық түрде жеткізген.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Алдымен көздер сүйісті, содан кейін қолдар… Сезім теңізіне батып кеткендей болдық. Жағалау мен теңіз біртұтас болып кеткенше… Бір-біріміздің құшағымызда күліп тұрдық», — делінген жазбаның қазақша аудармасында.
Жазбаның астындағы пікірде желі қолданушысы қыздың батылдығына назар аударған. «Басқа-басқа Димаштан мұндайды күтпедім», — деп жазды жанкүйер.
