Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 22 қараша 2026 $ 455,9↑€ 500,1↑₽ 5,56↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» ұстанымын қоғам белсенділері қолдады • Шолпан Есмағанбетова Дариға Бадықова туралы видеосын жариялады • Netflix сериалында Алматы көріністері пайда болды • Алина Ри Miss Universe сахнасында 5 млн теңгелік алтын бүркіт қанатымен өнер көрсетті • Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты үш тасжол учаскесі жабылды • Jah Division тобының негізін қалаушы Герберт Моралес 64 жасында қайтыс болды • Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» ұстанымын қоғам белсенділері қолдады • Шолпан Есмағанбетова Дариға Бадықова туралы видеосын жариялады • Netflix сериалында Алматы көріністері пайда болды • Алина Ри Miss Universe сахнасында 5 млн теңгелік алтын бүркіт қанатымен өнер көрсетті • Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты үш тасжол учаскесі жабылды • Jah Division тобының негізін қалаушы Герберт Моралес 64 жасында қайтыс болды •

    Шолпан Есмағанбетова Дариға Бадықова туралы видеосын жариялады

    Психолог Шолпан Есмағанбетова әлеуметтік желіде Дариға Бадықова туралы видеосын жариялады. Актриса Instagram парақшасында жауап жазды.

    Шолпан Есмағанбетова Дариға Бадықова туралы видеосын жариялады

    Фото: видео скриншот

    Психолог Шолпан Есмағанбетова әлеуметтік желіде Дариға Бадықова туралы айтқан видеосын жариялады. Онда ол Бадықоваға қатысты пікір білдіріп, Олжас Абай туралы сөз еткен.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Очау… Ачау… әлде Очау ма — түсінбедім. Жалпы, мұндай лақап ат не үшін керек? Бұл қай тілде? Ол жай ғана ішіп алып, әр жерде домалап жүрген. Сөйтті де Дариғаны жолықтырып ақыры бақыт құсын тапты. Екеуінде атақ та, ақша да бар. Үйленудің тіпті керегі жоқ еді», — деді Шолпан видеода.

    Осыдан кейін Дариға Бадықова Instagram парақшасында оған жазба жариялады.

    «Сен кімсің? Қайдан шыққан бәлесің? Өз ана тілінде сөйлей алмайтын дүбәра. Менің жеке басыма тиісетін кімсің?», — деп жазды актриса.

    Бадықова қазір қалаларды аралап, қолы тимей жүргенін айтып, әлгі адамның өзін төмендетіп, хайп жасағысы келгенін мәлімдеді.

    «Кино бітсін, ісім сенімен болсын. Оған дейін сіздер не дейсіздер? Біздің не істеп жатқанымызды, сенің не істеп жүргеніңді көремін. Киномыз шыққанда бәрі белгілі болады», — деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →