Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты үш тасжол учаскесі жабылды
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы нашарлауына байланысты 22 қарашада сағат 12:00-ден бастап үш республикалық тасжол учаскесінде автокөлік қозғалысы жабылды.
Сурет: inbusiness.kz
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты 2026 жылғы 22 қарашада сағат 12:00-ден бастап автокөліктің барлық түріне қозғалыс жабылды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Тыйым республикалық маңыздағы автожолдардың үш учаскесін қамтыды:
- «Қостанай — Мамлютка» тасжолының 226-дан 406-шы шақырымына дейін (Қостанай облысының шекарасынан Мамлюткаға дейін);
- «Петропавл — Соколовка — Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 11-ден 73-ші шақырымына дейін (Петропавлдан Ресеймен шекараға дейін);
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 491-ден 521-ші шақырымына дейін (Петропавлдан Мамлюткаға дейін).
Жолдардағы ахуалды тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы колл-орталықтан нақтылауға болады.
