Дариға Бадықова мен Олжас Абай туралы желіде пікірталас өршіді
Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың сұхбатынан кейін желіде Олжас Абайға қатысты пікірталас өршіді. Актердің эфирдегі сөзі мен оқырман пікірлері.
Фото: видеодан скрин
Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың ашық сұхбатынан кейін әлеуметтік желіде актрисаға қатысты түрлі ақпарат тарады. Дархан Мұсаев Дариғаны Олжас Абаймен кетті деп күдіктенгенін айтқан соң, өнер иелерінің жеке өмірі жіті бақылауға алынды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Желі беттерінде Олжас Абайдың Дариға Бадықова туралы айтқан әңгімелері талқылануда. Актер тікелей эфирде: «Дариға сізден үлкен ғой дейді. Иә, Дариға 1985 жылғы болса, мен 1989 жылғымын», – деді.
Сонымен қатар Олжас Абайдың соңғы жазбаларына оқырмандар түрлі пікір қалдыруда. «Дариғаның қай жеріне қызығып жүрсің», «Жарайсың, Дариғаны ана кісіден құтқарыпсың», «Бажаңды жаман ренжітіп жүрсің», «Талғамыңа сөз жоқ екен», – деп жазды олар.
