Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан жасанды интеллект саласында Еуропа мен Азия арасындағы орталыққа айналуы мүмкін • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Қазақстан жасанды интеллект саласында Еуропа мен Азия арасындағы орталыққа айналуы мүмкін • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды •

    Павлодарда асханадағы жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды

    Павлодарда асханадағы жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды

    Павлодар қаласының № 2 сотында кісі өліміне әкелген оқиға бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

    Кісі өліміне қатысты оқиға наурыз айында Бұқар жырау көшесіндегі орналасқан пәтердің бірінде болған. Осы жерде қала тұрғыны мас болып, танысымен ұрысып қалады. Содан кейін айыпталушы танысының сол жақ жіліншігінен асхана пышағымен екі рет ұрып алады. Сол арада жәбірленуші тамырлы жүйке шоғырының толық қиылысуындағы пышақ жарақатынан қайтыс болған еді.

    Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындап, дәлелдемелерді дауламады. Сондықтан іс қысқартылған тәртіпте қаралды. Кінәні толық мойындауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіпте жүргізілді. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 55-бабының 3-бөлігіне сәйкес ең жоғары мерзімнің жартысынан, яғни  6 жылдан  аспауы тиіс.

    «Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, ер адамға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен тағайындады», – деп хабарлады pavlodarnews.kz.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →