Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • «Әйелді жұма сайын ұру керек»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады • Астанадағы балабақшада баланы темір орындықпен ұрған: тергеу басталды • Алматыда әйелін балалардың көзінше өлтірген экс-полицей 15 жылға сотталды • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • «Әйелді жұма сайын ұру керек»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады • Астанадағы балабақшада баланы темір орындықпен ұрған: тергеу басталды • Алматыда әйелін балалардың көзінше өлтірген экс-полицей 15 жылға сотталды •

    «Әйелді жұма сайын ұру керек»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады

    «Әйелді жұма сайын ұру керек»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады

    Фото: Видеодан скрин

    Танымал актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі жазбасында қазақтың қамшыға қатысты дәстүрлі танымына тоқталып, оны әйелді ұру үшін пайдалану дұрыс емес екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Актрисаның сөзінше, қазақ халқы қамшыны ешқашан әйелге күш көрсету құралы ретінде қолданбаған. Ол ер адамның мықтылығы әйелге қол көтерумен емес, оны қорғап, аялаумен өлшенетінін жеткізді.

    «Жақында әлеуметтік желіден “Үйде қамшы әйелді ұру үшін ілініп тұруы керек” деген кейбір дүмшелердің сөзін көзім шалып, жүрегім ауырды…

    Жоқ, олай емес! Қазақ ешқашан қамшыны әйелге қару етпеген!

    Қамшы – ер азаматтың айбары, жамандық пен жын-періні маңайлатпайтын қасиетті туы. Қазақ қамшыны төрге тегін ілмеген. Ол тыныштықтың, тіректің, әділдіктің символы.

    Ал әйел сол шаңырақтың гүлі, берекесі, Құдайдың ер азаматқа аманат еткен ең нәзік жанұясы. Еркектің мықтылығы әйелге күш көрсетуінде емес, оны қорғап, алақанында аялауында! Қамшы әйелді жасқанту үшін емес, шаңырақты жамандықтан қорғау үшін ілінеді», – деп жазды Айгүл Иманбаева.

    Актрисаның жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік түрлі пікір білдірді. Бірі әйелге қол көтеруді қатаң сынаса, енді бірі қамшының дәстүрдегі мәніне қатысты ойын ортаға салды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →