Астанада Манас көшесіндегі тротуарлар қашан жөнделеді?
Астана тұрғындары Манас көшесіндегі тротуарлардың тозығы жеткенін айтып, әкімдіктен жөндеу жұмыстарын талап етуде. Әзірге ресми жауап жоқ.
Видеодан кадр
Елорда тұрғындары әлеуметтік желілерде Манас көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының мәселесін көтеріп, қалалық әкімдіктен шұғыл түрде жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап етуде.
Instagram желісіндегі «b.t.ast» парақшасында жарияланған кадрлардан аталған аумақтағы тротуарлардың тозығы жетіп, жүріп-тұруға қолайсыз екенін анық көруге болады.
Қала тұрғындарының айтуынша, бұл бағыттағы инфрақұрылымдық олқылықтар күнделікті қатынап жүрген адамдарға үнемі қауіп төндіріп, түрлі қолайсыздықтар тудырып отыр.
Жауапты мекемелер мен әкімдік өкілдері әзірге бұл сынға ресми пікір білдіріп, нақты жауап қайтарған жоқ.
Қалалық ортаның сапасы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі жұртшылық тарапынан үнемі қатаң бақылауды талап ететін өзекті мәселе күйінде қалып отыр.
Видео: @b.t.ast
