Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады
Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтары туралы пікір білдірді. Матч ертең Бергамода Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
Сурет: sports.kz
Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы шабуылшысы Айдар Арғымбаев Sports.kz сайтына берген сұхбатында Италияның «Аталантасы» мен Алматының «Қайраты» арасындағы Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі алдағы матч туралы пікірін білдірді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
— «Қайрат» маусымды аяқтады деп айтуға болады. Алматылықтарға ертең Италияда өте қиын болады. Ішкі чемпионат аяқталған кезде матчтарды психологиялық тұрғыдан да ойнау қиын. Бірақ екінші жағынан, «Аталантаға» қарсы ойында өз мүмкіндіктерін тексеруге болады. «Қайраттың» әр ойыншысы өзінің қандай деңгейде екенін көре алады, — деді сарапшы.
«Аталанта» — «Қайрат» матчы ертең Бергамода (Италия) өтіп, Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
