Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады •

    Оралда жылыжайда есірткі өсіргендер ұсталды

    Орал қаласындағы жылыжайда көкеністің орнына есірткі өсірілген, деп хабарлайды qazaq.today тілшісі. Күдіктілердің бұл іспен қанша уақыттан бері  айналысып  келгені белгісіз. Тексеру барысында жылыжайдың ішінде есірткі жайқалып тұрған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-да тіркелді. «Гидропоника» әдісімен марихуананы өсірумен айналысқан есірткі зертханасының иелерін ҰҚК қызметкерлері ұстаған. Сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.

     

    «Жедел тергеу іс-шаралары барысында қаладағы жеке үйлердің бірінде екі азамат каннабистік топтың есірткі құралдарын заңсыз өсіргені және сақтағаны анықталды. Заңсыз айналымнан 17 кг марихуана, 100 түп қарасора мен зертханалық жабдық, сондай-ақ кесілген тегіс ұңғылы мылтық пен травматикалық тапанша тәркіленді», — деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →