Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты •

    ШҚО-да жүк пойызы өзенге құлап кетті

    ШҚО жүк тиеген пойыз Ертіс өзеніне құлап кетті. Оқыс оқиғаның себеп-салдарын тексеріп-анықтау үшін комиссия құрылды

    Фото: ашық дереккөзден

    Шығыс Қазақстан облысында жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық агенттігі «Қазақстан темір жолы «ҰК»АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    «2022 жылғы 3 сәуір 12 сағат 04 минутта Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Қүмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының  18 вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз сағатына 37 км жылдамдықпен жүрген. Руда тиелген екі вагон Ресей Федерациясының меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон «КазцинкТемірТранс» ЖШС-не тиесілі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

    Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп-анықтау үшін «ҚТЖ «ҰК»АҚ басшыларынан комиссия құрылды», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →