Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды •

    Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді

    Қазақстан денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

    Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді

    Сурет: instagram.com/akmaralalnazarova

    Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Өзбекстанның Самарқанд қаласында Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлерімен келіссөз жүргізді. Кездесулерде дәрігерлерді даярлау, қатерлі ісіктерді емдеу, заманауи медициналық технологияларды енгізу және дәрі-дәрмекті бірлесіп сатып алу мәселелері талқыланды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Бүгін Самарқанд қаласында өтіп жатқан Балалар обыры жөніндегі II халықаралық конгресс аясында Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлерімен екіжақты кездесулер өткіздім. Ресейлік әріптесім Михаил Мурашкомен онкология, кардиохирургия, трансплантология, медицина ғылымы және мамандар даярлау бағыттарындағы ынтымақтастықты талқыладық. Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Элдор Адиловпен 2027–2029 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспарын қарастырдық. Оның ішінде Қазақстан клиникаларында 50 өзбекстандық маманды оқыту және шекаралас өңірлердегі медициналық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне тоқталдық. Қырғызстандық әріптестерімізбен дәрілік заттарды бірлесіп сатып алу және халықтың дәрі-дәрмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекетаралық сатып алулар саласындағы ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімге қол қою мәселелерін талқыладық. Халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесі нақты істермен көрінуі тиіс деп есептеймін. Бұл – дәрігерлерімізге жаңа мүмкіндіктер ашу, ауруханаларымызға заманауи технологияларды енгізу және ең бастысы, халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету. Біздің бірлескен бастамаларымыздың басты мақсаты да – осы», – деп жазды министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →