Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді •

    Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты

    Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты

    Фото: Қазақмыс

    Сәтбаевта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – Ғ. О. Омаров атындағы шахтопроходкалау тресінің мамандандырылған оқу-өндірістік полигоны ашылды. Жаңа алаң жұмыскерлерді тәжірибелік даярлауға және жұмысты нақты өндірістік жағдайға барынша жақын ортада қауіпсіз орындау әдістерін пысықтауға арналған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Полигон тоғыз оқу бағытын қамтиды. Олар шахта құрылысы өндірісіндегі негізгі жұмыс түрлеріне бағытталған. Мұнда жұмыскерлер
    тау-кен және күрделі тау-кен жұмыстарын орындау, электр монтаждау, сорғы қондырғыларына қызмет көрсету, дәнекерлеу, арқандау бойынша шеберліктерін шыңдап, жүк көтергіш механизмдерін пайдалану және биіктікте жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.
    Оқу-өндірістік полигонында өрт қауіпсіздігі мен дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған жеке бағыттар да қарастырылған.

    «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі полигонның ашылуы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру және қауіпсіз еңбек мәдениетін нығайту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

    «Қазақмыс үшін әрбір жұмыскердің өмірі мен денсаулығын сақтау – ерекше басымдыққа ие. Әр жұмыскердің артында оның үйге аман-есен оралуын күтетін отбасы мен жақындары бар. Сондықтан жұмыскерлер қажетті дағдыны тікелей өндірісте қолданбас бұрын, оны қауіпсіз оқу жағдайында меңгеріп, тәжірибе жүзінде пысықтауы қажет. Полигон білім мен тәжірибені ұштастыратын, ал қауіпсіз жұмыс әдістері кәсіби дағдыға айналатын орын болуы тиіс», – деп атап өтті Руслан Өскенәлі.

    Жаңа оқу алаңының жас мамандар үшін маңызы ерекше. Олар тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен кәсіби дағдыны меңгереді. Ал тәжірибелі жұмыскерлер білімі мен біліктілігін жүйелі түрде жетілдіріп, күрделі өндірістік жағдайды талдау мен әрекеттің дұрыстығын пысықтауға мүмкіндік алады.

    Ашылу күні қонақтарға оқытудың негізгі бағыттары бойынша практикалық сабақ көрсетілді.

    Еске салайық, «Қазақмыс» корпорациясында 2026 жыл Қауіпсіздік жылы деп жарияланған. Осы бастама аясында компания өндірістік тәуекелдердің алдын алуға, еңбек жағдайын жақсартуға, жұмыскерлерді оқытуға және басқарудың барлық деңгейінде қауіпсіздік мәдениетін дамытуға басымдық берілуде.

    2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақмыстың өз қызметкерлері арасындағы өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға төмендеді. Осы уақыт аралығында компания жұмыскерлері арасында адам өліміне әкеліп соққан жазатайым оқиға тіркелген жоқ.

    Компания оң динамика өндірістік тәуекелге деген назарды бәсеңдетуге негіз болмайтынын атап көрсетеді. Басты міндет – жазатайым оқиғалардың алдын алу және жұмысты қауіпсіз орындауға тиісті жағдайды қамтамасыз ету.

    Сәтбаев қаласында полигонның ашылуы компанияның оқу инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмысының жалғасы болып табылады. Бұған дейін осындай оқу алаңы Балқаш қаласында ашылған болатын.

    Жаңа полигон тұрақты жұмыс істейтін практикалық даярлық базасына айналады. Мұнда жұмыскерлер кәсіби дағдыларын жетілдіріп, өндірістік міндеттерді қауіпсіз орындау әдістерін тәжірибе жүзінде меңгереді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →