Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды •

    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын талқылады. Қорғаныс саласын жаңғырту және заманауи армия құру мәселелері қаралды.

    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиынның негізгі тақырыбы – әскери реформа жоспарының жобасы.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мемлекет басшысы еліміздегі ауқымды өзгерістерді ескере отырып, қорғаныс саласын реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оны Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына енгізуді тапсырды. Президент қысқа мерзімде заманауи, ұтқыр әрі технологиялық тұрғыдан озық армия құрудың айрықша маңызына назар аударды.

    – Қарулы күштердің сапасын өзгерту міндеті қойылды. Өзгерістер басқару ісін, әскери қызметшілерді даярлауды, кадр саясатын, әскери білім беруді, қорғанысты жоспарлау мен технологиялық жарақтандыруды қамтуға тиіс. Әскери қызметтің қауіпсіздігіне, әскерге басшылық ету мәдениетіне және мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануға айрықша мән беру керек. Армияның қоғаммен қарым-қатынасы да өзгеруге тиіс. Кешенді реформа қажет. Бұл істе толыққанды шешімдер қабылданбайынша, көздеген нәтижеге жету мүмкін емес, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →