Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес •

    Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде

    Жетісу облысы Сарқан ауданында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде. Өртке тікұшақ тартылып, 11,4 тонна су төгілді. Елді мекендерге қауіп жоқ.

    Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде

    Сурет: ТЖМ

    Жетісу облысында ауқымды дала өрті тіркелді. Сарқан ауданындағы орман шаруашылығы аумағында құрғақ шөп пен қамыс жанып, жалын шамамен 15 гектар жерді шарпыған. Өртті сөндіруге тікұшақ тартылды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға 21 қазанда Сарқан ауданына қарасты Борлытөбе орман шаруашылығының Құрақсу орманшылығы аумағында болған.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт құрғақ шөп пен қамыс өскен аумақты шарпыған. Жалынның таралуын тоқтату үшін оқиға орнына Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен орман шаруашылығы мамандары жұмылдырылған.

    Жалынмен күреске жердегі өрт сөндіру күштерінен бөлек, авиация да қатысуда. Атап айтқанда, «Қазавиаорманқорғау» желісі бойынша «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының тікұшағы іске қосылған.

    Әуе кемесі өрт аумағына 19 рет су төгіп, жалпы көлемі 11,4 тонна суды пайдаланған.

    «Өртті сөндіруге Жетісу облысы ТЖД мен орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды. «Қазавиаорманқорғау» желісі бойынша «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен жалпы көлемі 11,4 тонна су 19 рет төгілді. Елді мекендер мен шаруа қожалықтарына төніп тұрған қауіп жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда», – делінген ТЖМ хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →