Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты
Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы сахнаға шығып, Медеу Арынбаев, Қыдырәлі Болман және Ерлан Көкеев бірге ән айтты. Желіде видео тарады.
Сурет: sn.kz
Желіде Медеу Арынбаев, Қыдырәлі Болман мен Ерлан Көкеевтің бірге ән айтып жатқан видеосы тарады. Бұл көрініс танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында түсірілген.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мерейтойда бұрынғы АБК тобы сахнаға шығып, өнер көрсетті. Видео авторы жазбасында «Мейрамбек ағаның елу жас тойы. АБК тобы. «Тамшылар» әні» деп белгілепті.
Желі қолданушылары үш өнерпаздың бас қосқанына қатысты түрлі пікір білдірді. Олардың арасында «Үшеуі үш әлем, қалай қосылған?», «Көкеев ағамыз в форме екен», «Қазақстан барысына қатыстырып жіберу керек», «Ерлан Көкеев не боп кеткен? Шашы не әп-әйдік, еркек жаман екен», «Медеу Арынбаев қартаюды ұмытып кеткен сияқты», «Қыдырәлі удай мас қой, әрең тұр ғой, теңселіп», «Мейрамбек братан красавчик! Сіз 50-ге толмасаңыз, АБК-ны тыңдамас едік. Еске түсті бала кезіміз» деген жазбалар бар.
