Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев Краковтегі атыстан қаза тапқандарға көңіл айтты

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Польшадағы әріптесі Кароль Навроцкийге Краковтегі атыс салдарынан қаза тапқандарға байланысты көңіл айтты.

    Тоқаев Краковтегі атыстан қаза тапқандарға көңіл айтты

    Фото: Jakub Porzycki / Reuters

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Польшадағы әріптесі Кароль Навроцкийге Краковте болған атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты жеделхат жолдады. Мемлекет басшысы болған оқиғаны айыптап, Польша халқымен ынтымақтастығын білдірді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президенті Кароль Навроцкийге Краковтегі адам шығынына әкелген қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. Қазақстан Президенті зорлық-зомбылық әрекетін қатаң айыптап, поляк халқымен ынтымақтастығын жеткізді.

    Сонымен қатар мемлекет басшысы атыс салдарынан зардап шеккендердің барлығына тез арада сауығып кетуін тіледі.

    Бұған дейін Tizgin.kz Польшаның Краков қаласында адамдардың қаза тауып, зардап шеккен атыс туралы хабарлаған болатын. Польша Премьер-министрі Дональд Туск болған оқиғаны терроризм актісі деп атады. Польша билігінің деректеріне сәйкес, күдікті ультраоңшыл көзқарастарды ұстанған. Тергеу барысында оның үйінен үш адамның денесі табылды.

    Зардап шеккендердің арасында бірнеше шет мемлекеттің, оның ішінде Германия мен Ресей азаматтары болғаны туралы мәліметтер бар. Польша құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын, оның ішінде шабуылдаушының себептері мен экстремистік қозғалыстармен ықтимал байланыстарын анықтауда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →