Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты • Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайды • Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты • Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайды • Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты •

    АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты

    Флорида штатындағы Брандон қаласында Citibank Center кешенінде қарулы шабуыл болып, екі адам қаза тапты. Күдікті көлігімен қоршауды бұзып кірген.

    АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты

    Сурет: madeniportal.kz

    АҚШ-тың Флорида штатындағы Брандон қаласында Citibank Center кешенінің аумағында қарулы ер адам оқ жаудырып, екі адам қаза тапты. Олардың бірі – шабуыл жасаған күдіктінің өзі.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Хилсборо округі шерифінің кеңсесі хабарлағандай, қарулы ер адам көлігімен кешеннің қоршауын бұзып өтіп, ашық аспан астындағы дәмхана орналасқан аумаққа кірген. Кейін винтовкамен көліктен түсіп, әйел адамға оқ атқан. Жәбірленуші алған жарақатынан көз жұмды.

    Осыдан кейін күдікті ғимараттардың біріне қарай бет алып, күзет қызметкерімен атысқан. Оқ тиген күзетші жауап ретінде қару қолданып, шабуылдаушыны жаралаған. Күдікті ауруханаға жеткізілгенімен, кейін қайтыс болды.

    Оқиға кезінде кешен аумағында үш мыңнан астам адам болған. Қауіпсіздік мақсатында қызметкерлер эвакуацияланып, жақын маңдағы тұрғындарға үйлерінен шықпау ескертілді.

    Полиция оқиға орнын екі сағаттан астам уақыт тексерген. Әзірге қарулы шабуылдың себебі белгісіз. Құқық қорғау органдары куәгерлерден жауап алып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →