Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайды • Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайды • Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды •

    Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайды

    41 жастағы Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Оның ұлттық құрамадағы алғашқы ойыны Қазақстанға қарсы өткен.

    Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайды

    Фото: Инстаграм

    41 жастағы Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасындағы ойыншы ретіндегі мансабын аяқтайтынын Instagram парақшасында жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бір қызығы, оның Португалия құрамасы сапындағы алғашқы ойыны Қазақстанға қарсы өткен. 2003 жылғы 20 тамызда 18 жастағы Криштиану ұлттық құрама жейдесін алғаш рет киді. Қазақстанмен жолдастық кездесуде ол екінші тайм басталғанда Руй Коштаның орнына алаңға шықты. Сол ойында португалиялықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

    Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен жылдары Роналду Еуропа чемпионы атанып, Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алды. Сондай-ақ ұлттық құрамалар тарихындағы ең көп гол соққан футболшы ретінде әлемдік рекорд орнатты.

    Қыркүйек айының соңында футболшы мен Португалия құрамасының бас бапкері Жорже Жезуш арасында түсініспеушілік туындаған. Норвегияға қарсы кездесуде Роналду қосалқы құрамда қалып, кейін Даниямен ойын алдында ұлттық құрама орналасқан жерден кеткен.

    Кейін Криштиану бапкерді өзара келісімді бұзды деп айыптады. Осы жағдайдан соң Португалия футбол федерациясы оны 30 күнге дисквалификациялады. Ал Роналду жанкүйерлерден кешірім сұрап, жазасы аяқталғаннан кейін құрамаға қайта оралуға дайын екенін мәлімдеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →